DXAiqhdqUZvrUzrl2le1pO3cWHWwnH3FVarvjieY
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Мен "Канелоны", Коттоны, Лараны немесе Пакьяоны жеңгім келеді - Қанат Ислам

"Мен "Канелоны", Коттоны, Лараны немесе Пакьяоны жеңгім келеді - Қанат Ислам
Қанат Ислам. © worldboxingnews.com
Бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Fedelatin белбеулерінің иегері қазақстандық боксшы Қанат Ислам алға қойған мақсаттары мен жұдырықтасқысы келетін қарсыластардың есімін атады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен тек мықты боксшылармен жұдырықтасқым келеді. Кез келген чемпионмен кездесуге дайынмын. Бокспен айналысқаныма 25 жыл болды. Олимпиада ойындарына екі рет қатыстым, қола медаль алып, әуесқой деңгейдегі әлем чемпионатына да қатыстым. Бірақ енді мен жас боксшы емеспін. Әлем чемпионы титулы үшін күресуге дайын болу үшін кәсіпқой бокстағы бес жыл жеткілікті болды", - деді Қанат Ислам Worldboxingnews.net басылымына берген сұхбатында.

Боксшының айтуынша, ол қазір алға қойған мақсаттарына жету үшін бар күшін салып жатыр."Мен "Канелоны", Коттоны, Ларуды немесе Пакьяоны тізе бүктіргім келеді. Бұл менің арманым емес, мақсатым. Бұл туралы бокстың барлық жанкүйері айтатын болады. Мен осы боксшылардың барлығын құрметтеймін. Себебі әлем бойынша мыңдаған боксшының ішінде чемпион атану оңай емес. Мен өз елінің беделі үшін жұмыс істейтін адамдарды құрметтеймін. Ал жанкүйерлеріме айтатыным: сіздерді көп күттіртпеймін, жақында менің әлем чемпионы титулына таласқан жекпе-жекте көресіздер. Мен сіздерді жерге қаратпаймын", - деді Қанат Ислам.

Осыған дейін қазақстандық боксшы осыған дейін келесі жекпе-жегін АҚШ-та мамыр айында өткізетінін айтқан еді.

Еске сала кетейік, Қанат Ислам соңғы жекпе-жегін 18 ақпанда АҚШ-та өткізген еді. Қазақстандық боксшы WBA Fedelatin белбеуінің иегері Қанат Ислам кәсіпқой бокста ганалық қарсыласы Патрик Аллотейді ұпай санымен жеңіске жеткен еді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар