"Мен жеңілгенді ұнатпаймын". "Канело" Биволмен қарымта туралы пікір білдірді

© boxingscene.com

Екінші орта салмақтағы әлемнің абсолют чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) Дмитрий Биволға (20-0, 11 КО) қарсы қарымта кездесуден бас тартпағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Мен міндетті түрде бағымды тағы бір рет сынаймын. Мен жеңілгенді ұнатпаймын және айтқанымнан қайтпаймын. Мен салмақ жинап, жартылай ауыр дивизионда титул жеңіп алғым келді, бірақ, қолымнан келмеді. Бірақ міндетті түрде тағы бір ұмтылып көремін. Келесі жолы мен бабыма келіп, 12 раундқа дайын болып шығамын. Екінші орта салмақта қолданған тактикаларымнан басқа стратегия болады. Өткен айқастан сабақ алдым", - деді "Канело" DAZN платформасына берген сұқбатында. 

Еске салайық, "Канело" мамырдың басында ресейлік Биволмен кездесіп, төрешілер шешімі бойынша жеңілді. Бұл боксшының келісімшартында екінші айқасқа құқы бар. Альварес оны міндетті түрде қолданады. Бірақ келесі жылы "Синко де Майо" мерекесінде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport