Орта салмақтағы қазақстандық проспект Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) өзіне мықты қарсыластар керегін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Лас-Вегаста өткен кейінгі айқасында Жәнібек бұрынғы әлем чемпионы америкалық Роб Брантты (26-3, 18 КО) жеңген еді.
"Мен чемпион атанғанда, өзгелердей болмаймын. Титулды жоғалтып алмас үшін осал қарсыластармен жұдырықтаспаймын. Ең мықтылармен айқасып, оларды жеңбекпін. Жанкүйерлерге нағыз бокс сыйлаймын. Мен бизнесмен емеспін. Мен боксшымын. Мен - QAZAQ STYLE!", - деп жазыпты Жәнібек твиттер желісінде.
Сонымен қоса, қазақстандық боксшы промоутер Боб Арумның америкалық Роб Брантпен жекпе-жек алдында жеңіске жеткен жағдайда Хайме Мунгиямен (37-0, 30 КО) жекпе-жек ұйымдастырамын дегенін есіне салып, "Мен күтіп жүрмін. Мен дайынмын" деп жазыпты.