Бокс
4 тамыз 10:32

Меликузиевті сұлатқан боксшы кезекті қарсыласын бірінші раундта құлатты

©insider.com

Лонг-Бичте (АҚШ) өткен бокс кешінде америкалық Габриэль Росадо (27-17-1, 16 КО) кәсіпқойдағы кезекті жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жартылай ауыр салмақта ол аргентиналық Криспуло Хавьер Андиномен (26-18-1, 12 КО) жұдырықтасып, оны бірінші раундта нокаутқа түсірді. Бұл айқас сегіз раундқа есептелген болатын. 

Осылай, 39 жастағы Росадо карьерасындағы 27-ші жеңісіне жетіп отыр, сонымен бірге, ол 17 рет жеңіліп, бір мәрте тең түскені бар. Ал 36 жастағы Андино 18-ші жеңілісіне ұшырады, сонымен бірге, ол карьерасында 26 қарсыласын жеңген және бір рет түскен екен.

Росадо Қазақстан бокс жанкүйерлеріне 2013 жылдың 19 қаңтарында Нью-Йоркте (АҚШ) Геннадий Головкинге қарсы өткізген жекпе-жектен бері таныс. Сол айқастың жетінші раундында GGG Габриэльді нокаутқа түсірген.

Ал 2021 жылы Росадо өзбекстандық Бектемир Меликузиевті үшінші раундта нокаутұа түсірген болатын, бірақ, 2023 жылы Меликузиев америкалықтан есе қайтарады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport