lrNw1OgetVi6ylZAb3iCd647IbJXJsBflIrXXV14
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Мексикалықтың бапкері Даниярдан секемденгендіктен жекпе-жектен бас тартты

Мексикалықтың бапкері Даниярдан секемденгендіктен жекпе-жектен бас тартты
© BoxingScene
Қазақстандық кәсіпқой Данияр Елеусіновке (5-0, 3 КО) наурыздағы жекпе-жекке басқа қарсылас тауып береді. Олимпиада чемпионының менеджері Зия Алиев Vesti.kz тілшісіне мән-жайды айтып берді. 

27 жастағы Елеусінов 15 наурыз Филадельфияда Карлос Хименеспен (14-9-1, 8 КО) жұдырықтасу керек болатын, алайда, мексикалық өзге қазақстандық - Батыр Жүкембаевпен (14-0, 12 КО) жекпе-жек өткізетін болды.

"Хименсепен бастапқыда келіскенбіз. Matchroom сегіз раундқа қанша ұсынғанын көргенде таңдандым. Қарсылас біздікі, Хименеспен жұдырықтасамыз деп ойладым. Кейін ол Батыр Жүкембаевпен Канадада жұдырықтсады деген ақпарат шықты. Анықтай бастадық... Ол жақтағы бапкер, Батырды таңдапты, бірақ олар ұсынған ақша аздау. 

Бапкер Данияр ірі әрі үлкен деп ойлайды. Даниярдың олимпиаданы жеңгені әсер еткен шығар. Сосын Батырды таңдапты. Бірақ екеуі де мексикалықты нокаутқа жібере алатынын түсіну керек... Батыр да ірі боксшы. Оның үстіне Елеусіновпен жекпе-жекке мексикалықтың менеджерімен алдын ала келісімшарт жасалған еді.

Ол Matchroom компаниясымен келісімшартқа қол қойды ғой. Мұнда ақша да көп. Біз де таң қалдық, Хименестің өзі де Филадельфияда Даниярмен жұдырықтсқысы келеді. Өйткені мұнда қаржы көбірек. Қазір бапкер мен менеджер арасында түсінбестік болып жатыр. Бұл туралы ойландық: Matchroom компаниясынан қоңырау шалып, мәселені қарастырып жатқанын айтты. Мен жаңа қарсылас табуды ұсындым. Жақында кім екенін айтамыз", - дейді Алиев. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар