auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Мексикалықтар "Канеломен" салыстырғанда Головкинді қаттырақ жақсы көреді". Экс-әлем чемпионы жаттықтырушысы пікір білдірді.

"Мексикалықтар "Канеломен" салыстырғанда Головкинді қаттырақ жақсы көреді". Экс-әлем чемпионы жаттықтырушысы пікір білдірді.
Фото: instagram.com/gggboxing/

Экс-әлем чемпиондығына үміткер Хосе Бенавидес пен экс-әлем чемпионы Давид Бенавидестің әкесі, әрі жаттықтырушысы болған Хосе Бенавидес-бірінші мексикалық супержұлдыз Сауль "Канело" Альварес (55-1-2, 37 КО) ешқандай шебер боксшы емес, сондықтан ол міндетті түрде Джермалл Чарлодан (31-0, 22 КО) басым түсе алмайды деген пікірді алға тартады. Сондай-ақ ол неліктен Мексикада қазақстандық Головкинді "Канелоға" қарағанда қаттырақ  сыйлап, жақсы көретінін айтып берді. Оның пікірі vRINGe.com сайтында AKHi TV. арнасына берген сұқбатына сілтеме жасай отырып жарияланды. 

"Джермаллдың ұтатынына бәс тігемін. Менің ойымша ол өте қағілез, әрі шебер боксшы. Ол басқалардан өзгеше, ол жан-жақты. Сондықтан ол "ыңғайсыз" боксшы. Сонымен қатар оның джебі де жақсы. Мүмкін ол әлемдегі ең мықты джеб иегері емес шығар. Алайда жаман деп те айта алмайсың. Ал "Канелоға" джебі мықты боксшылар мәселе туғызады. Айта кетейін, "Канело" - қарапайым боксшы. Яғни, қатардағы. Ол жақындап келіп хуктарды ұтымды пайдалануға тырысады. Егер қарсылас бір орында тұрса, ол соққыларына бар күшін салады. Бұл жағдайда ол қарсыласын есеңгіретіп тастауы мүмкін. Бірақ, меніңше, ол Чарлоға жақындай алмайды және Чарло бір орында тұрмайды. "Канело" соққылары мүлт кетуі әбден ықтимал"

Жаттықтырушының сөзіне сүйенсек, ол Давидтің "Канелоға" қарсы жекпе-жегіне қарағанда, Чарлоға қарсы кездесуіне көбірек алаңдайды. "Шынымды айтсам, мен өзімді "Канелоға" қарсы кездесуде, Чарлоға қарсы кездесуге қарағанда сенімдірек сезінетін едім. Жанкүйерлер боксшының өзін рингке толықтай арнағанын көрген ұнайды. Сенің қай жақтан екенің ол кезде маңызды емес. Филиппиндық Мэнни Пакьяо барлығына ұнайды. Мексикада оны және Генадий Головкинді қатты жақсы көреді. Мексикалық еместігіне қарамастан Головкинді "Канелоға" қарағанда қаттырақ жақсы көретініне сенімдімін. Өйткені ол ешкімнен қашпайды. Ал "Канело" өзіне стиль тұрғысынан ыңғайсыз боксшымен шаршы алаңға шықпау үшін бір себебін әрдайым тауып отырады.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин мен Альварес 2017 және 2018 жылдары кездесіп, бірінші кездесу тең аяқталып, екінші кездесуде төрешілер шешімімен жеңіс мексикалықтың қанжығасында кеткен болатын. Бокс жанкүйерлері биыл үшінші кездесу өткізеді деп сенім артып отыр.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама