"Канелоның" командасы дұрыстап дайындалуға уақыт бергісі келмеді. Бірақ менің арқамда миллиондап пайда көрмек екен. MTK компаниясында бәріміз отырып, сөйлестік. Егер олар жекпе-жекті лайықты өткізгісі келмесе, мүлде керегі жоқ деп шештік. "Канело" келісімшартқа қол қоймаған да, ол жерде менің қолым ғана тұр.
Ұсынған ақшаны алып, алты апта бұрын ескерту шартымен де жұдырықтасатын едім. Бірақ олар келісімшартта уақытын да жазбаған. Альвареспен жұдырықтасып, артынан қарымта өткізгім келеді.
Олар жекпе-жекті кемеде, аралда немесе Американың бір жерінде өткізгісі келді. "Канеломен" Мексикада да, уақытын дәл айтса, оның ауласында да жұдырықтасамын дедім. Альваресті Мексикада да сабайтын едім, кез келген жерде айқасамын", - дейді Сондерс.