Мексикада нокаутпен жеңіске жеткен қазақ боксшы үздік ондыққа кірді

©instagram.com/suleimen_promotions_official/

Бек Нұрмағанбет (8-0, 6 КО) екінші орта салмақтағы боксшылар арасында WBA рейтингінде көрсеткішін жақсартты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Отандасымыз бір саты жоғарылап 10-орынға көтерілді. WBA International белбеуінің иегері соңғы айқасында мексикалық Лусиано Араухомен (6-6-3, 3 КО) жұдырықтасып, техникалық нокаутпен жеңді. Жекпе-жек Мексика астанасы Мехикода 23 қазан күні өткен еді.

Еске салайық, аталмыш дивизионда Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) көш бастап тұр. Ербосынұлы қараша айының 5 жұлдызы АҚШ-та WBA чемпиондық белбеуі бар кубалық Давид Моррелмен (7-0, 6 КО) қолғап түйістіреді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар