WBC ұйымының Мексикада өткен Конвенциясына қатысқан екінші орта салмақта абсолют чемпион Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 KO) орта дивизионда IBF және IBO титулдарына ие Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жекпе-жекке қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Мұның алдында мексикалықтың бапкері Эдди Рейносо трилогияны Мексикада тамашалағысы келетінін айтқан.
"Егер Эдди солай айтса, мен бас тарта алмаймын (күледі). Мен дайынмын", - деді Сауль Альварес.