Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) және Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) арасындағы үшінші жекпе-жек өтетін орынға қатысты ақпарат шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Вoxingnews24.com мәліметінше, трилогияның баспасөз туры жуырда жария етіледі.
"Хирннің сөзінше, "Канело" - Головкин айқасын өткізетін негізгі орын Лас-Вегас, алайда, оған жекпе-жекті АҚШ-тан басқа елде өткізу ұсынысы жасалған екен", - деп жазады басылым.
Алайда промоутер бұл кездесуді қай елдер өткізгісі келетіні туралы ашық айтпады. Дегенмен бірінші кезекте ол Мексика болса керек. Сонымен қоса, Сауд Арабиясы да тізімде болуы ықтимал.