Майк Тайсонның бұрынғы қарсыласы бұзақыны бір соққымен ұйықтатты
Аса ауыр салмақта өнер көрсеткен бұрынғы кәсіпқой боксшы Джулиус Фрэнсис әлеуметтік желінің қаҺарманына айналды.
Аса ауыр салмақта өнер көрсеткен бұрынғы кәсіпқой боксшы Джулиус Фрэнсис әлеуметтік желінің қаҺарманына айналды.
Жағдай 57 жастағы Фрэнсис қарауыл қызметін атқаратын Лондон қаласындағы Boxpark Wembley саябағында болды. Бұрынғы боксшы ресторан қонақтарының бірін өз-өзін дұрыс ұстамағанын байқайды.
Содан соң ол қолын ары-бері бұлғап, күзетшілерді ұруға тырысты. Ал Фрэнсистің қасына келген кезде бұрынғы боксшы бір ғана соққымен бұзақыны терең ұйқыға жіберді.
"Ол жігіт бірнеше адамды ұруға тырысты. Содан соң Фрэнсистің жанына келіп, соққы жасағысы келді. Шынын айтқанда, бұзақыны орнына әдемі қойды", - деді куәгерлердің бірі.
……. pic.twitter.com/92kmGmtiBx
— Glory Glory (@gloryglorytott) June 13, 2022
Айта кетейік, Фрэнсис кәсіпқой бокста 14 жеңіліске қатарынан ұшырағаннан кейін 2006 жылы карьерасын аяқтады. Ол 2000 жылы Майк Тайсонмен жекпе-жек өткізіп, екінші раундта нокаутпен жеңілді.
Жарнама