Майк Тайсон ұшақта жолаушыны соққыға жықты

©sportsheroes

Әлемге танымал Майк Тайсон ұшақта жолаушыны соққыға жықты, деп жазады TMZ басылымы.

55 жастағы Тайсон ұшақта жолаушыны соққыға жыққан. Аталмыш оқиға Сан-Францискодан Флоридаға ұшып бара жатқанда болыпты.

Бұл жағдайды көзімен көргендердің айтуынша, Тайсонның арт жағында отырған жолаушы ішімдікке сылқия тойып алған және аты аңызға айналған былғары қолғап шеберіне маза бермеген. Нәтижесінде америкалық боксшы бірнеше рет ескерту жасаған.

Алайда мазалауын тоқтатпаған соң Тайсон күш қолдануға мәжбүр болды. Нәтижесінде көгала қойдай таяқ жеген жәбірленуші полицияға жүгінді. Әзірге полиция тарапынан Майк Тайсонға хабарлама келмеді.

Еске салайық, Майк Тайсон 1987-1990 жылдары ауыр салмақта әлемнің абсолют чемпионы болды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport