Майк Тайсон рингке оралар алдында соққысының күші мен жылдамдығын көрсетті

Сурет: AllFight.Ru
Аңызға айналған америкалық боксшы Майк Тайсон рингке оралар алдында бабына келгенін көпшілікке видео арқылы көрсетті, - деп хабарлайды "Чемпионат".

Ол қалай жаттығып жатқаны туралы видеоны "Твиттер" желісінде жариялаған. Видеодағы соққыларға қарағанда 53 жастағы Тайсон бабына келген сияқты.

"Жаттыға бастадым". 53 жастағы атақты Майк Тайсон рингке оралатынын мәлімдеді

Кәсіпқой рингте Тайсон 56 жекпе-жек өткізген: 50 жеңіс (44 нокаут) және алты рет жеңілген. Америкалық бокс аңызы мына тұжырымдар бойынша чемпион болған WBC (1986-1990, 1996), WBA (1987-1990, 1996), IBF (1987-1990), The Ring (1988-1990). Флойд Мейвейзерге дейін табысы ең жоғары боксшы атанған.