Бокс
21 қыркүйек 2022 17:52

Майк Тайсон денсаулығы сыр бергенін хабарлады

©twitter.com/MikeTyson

Аса ауыр салмақта әлемнің абсолют чемпионы болған Майк Тайсон денсаулығы туралы айтып берді, деп жазады "Чемпионат" порталы. 

"Менде кейде ишиас (жүйке ауыруы) болып тұрады. Соңғы кездері көп қайталанып жатыр. Ауыруым қозған кезде мен тіпті сөйлей алмай қаламын. Қазіргі уақытта бұл менің басты ауыруым. Бірақ қазір жағдайым жақсы", - деді Тайсон. 

Айта кетейік, 1985 және 2005 жылдар аралығында ол 58 кездесу өткізіп, 50 кездесуде жеңіске жетіп, бес мәрте жеңілген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport