Бокс
25 ақпан 2022 01:11

Майк Тайсон әлемдегі ең мықты боксшыны атады

©euro.com

Бокс жұлдызы Майк Тайсон бүгінгі таңда әлемдегі ең мықты былғары қолғап шеберін атады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Менің ойымша әлемдегі ең мықты боксшы – ол "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО). Білесіз бе, қазір әлемде жеңіл салмақта талантты боксшылар көп. Альварес болса ақырындап төмен қарай құлдилап барады. Бұл дивизионда болашағынан үміт күттіретін тағы бір Давид Бенавидес деген спортшы бар. Мықтылардың арасында Бенавидесті ерекше атар едім. Болашақта "Канело" мен Бенавидес рингте кездесіп жатса жақсы болар еді. Егер жолдары түйіспесе – бокс әлемі үшін өкінішті болары сөзсіз", - дейді Тайсон.

Еске салайық, биылғы мамыр мен қыркүйек айларында Сауль Альварес жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр. Әзірге қарсыластарымен ресми келіссөздер жүргізбесе де, бокс сүйер қауым Головкин (41-1-1, 36 КО) мен "Канело" арасындағы трилогияны тағатсыздана күтіп жүр. Қос алып арасындағы айқастар 2017 және 2018 жылдары Лас-Вегаста өтіп, алғашқысы тең есеппен аяқталса, екіншісінде мексикалықтың мерейі үстем болды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport