Бокс
10 желтоқсан 09:11

Матчмейкер қазақ нокаутшыны не күтіп тұрғанын айтты

©Wasserman Boxing

Wasserman Boxing матчмейкері Сэм Уолмсл "Нокауттардың қазақ патшасы" лақап атты Сұлтан Зауырбектің (18-0, 13 КО) болашағына қатысты пікір білдірді. 

Өткен демалыста Ирландияның Уотерфорд қаласында өткен бокс кешінде Сұлтан төрешілер шешімімен польшалық Дамиан Вржесинскиді (28-3-2, 7 КО) жеңіп, екінші жартылай жеңіл салмақта WBA Continental белбеуін қорғап қалды. 

"Сұлтан Зауырбек өзінен мықты қарсыласқа қарсы WBA Continental белбеуін қорғады. Осы арқылы 2025 жылы әлем чемпионы атағына таласуға жақсы мүмкіндікке жетіп отыр", - деп жазыпты Уолмсли.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport