Масқара күш! Бетербиев абсолют нокаутшы екенін тағы паш етті

©Global Look Press

Кеше Квебекте өткен бокс кешінде ресейлік нокаутшы Артур Бетербиев (20-0, 20 КО) британиялық Каллум Смитпен (29-2, 21 КО) жекпе-жек өткізді, деп жазады Vesti.kz.

12 раундқа есептелген кездесу жетіншісінде аяқталды. Бетербиев қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді, осыдан кейін төреші Смиттің командасы сұрағандықтан жекпе-жекті тоқтатты. 

Осылайша, Бетербиев жартылай ауыр салмақта WBC, IBF және WBO титулдарын қорғап қалды.

Ендігі айқасын Бетербиев отандасы Дмитрий Биволмен (22-0, 11 КО) өткізуі тиіс. Бұл айқас жеңімпазы абсолют чемпион атанады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар