Масқара дау! Чемпионға қарсы тұрмақ болған нокаутшыны айқас алдында улаған

Жеңіл салмақта жұдырықтасатын америкалық кәсіпқой боксшы Флойд Скофилд (18-0, 12 КО) WBC чемпионы Шакур Стивенсонға (22-0, 10 КО) қарсы жекпе-жеке шыға алмайтын болды, деп жазады vRINGe.com.
Жеңіл салмақта жұдырықтасатын америкалық кәсіпқой боксшы Флойд Скофилд (18-0, 12 КО) WBC чемпионы Шакур Стивенсонға (22-0, 10 КО) қарсы жекпе-жеке шыға алмайтын болды, деп жазады vRINGe.com.
Бұл айқас 22 ақпан Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) бокс кешіне жоспарланған еді. Бұл кештің басты жекпе-жегінде ресейліктер Артур Бетербиев пен Дмитрий Бивол екінші рет кездеседі.
Боксшының денсаулығы нашарлап кеткен
Скофилд жекпе-жекке шыға алмауына себеп денсаулығымен қиындықтар болып отыр. Сыбыстар бойынша, боксшы мұндайға салмақ түсіру кезінде тап болған. Алайда боксшының әкесі әрі бапкері үлкен Флойд Скофилд сенсациялық мәлімдеме жасады - ол оның ұлын улап кеткенін айтып отыр. Ол бұған Виктор Контенің SNAC компаниясы мен Стивенсонға массаж жасаушыны кінәләп отыр.
Чемпион басқа қарсыласпен шығады
Ал бокс кешін ұйымдастырушылар оның орнын басатын боксшыны іздеп жатыр. Стивенсонның жаңа қасрыласы марокколық Мусса Голам (22-1, 13 КО) немесе британиялық Джош Пэдли (15-0, 4 КО) болады.
Жарнама