"Масқара". Америкалық сарапшы Головкинге мәжбүрлі қарсылас үшін IBF ұйымын сынады

20 желтоқсан 2020 10:55
Сурет: MatchroomBoxing

Америкалық белгілі бокс шолушысы және ESPN сарапшысы Дэн Рафаэль IBF ұйымын Геннадий Головкинді (41-1-1, 36 КО) польшалық Камил Шереметаға (21-1, 5 КО) қарсы белбеуін қорғауға міндеттегені үшін сынға алды,- деп хабарлайды Vesti.kz.

"GGG жасау керегін жасады, бірақ, бұған қарау қызықсыз болды. Өйткені жанкүйрелер де, атмосфера да болмады. Сосын бұл жүк көлігі мен үш аяқты велосипедтің қарсылығындай көрінді. Шереметаны міндетті қарсылас еткен IBF ұйымына масқара", - деп жазыпты Рафаэль твиттерде.