"Машинамен" айқас. ӘЧ-дегі қазақ боксшылардың жекпе-жектеріне тікелей трансляция

©©AIBA. Серік Теміржанов

Бүгін, 28 қазанда Белградта (Сербия) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында үш қазақстандық боксшы рингке шығады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Серік Теміржанов (57 келі), Абылайхан Жүсіпов (67) және Нұрлан Сапарбай (+92) 1/16 финалдық кездесулерін өткізеді. 

Сапарбай рингке күндізгі сессияда шығады, қарсыласы испаниялық Аюб Гадфа Дрисси. Теміржанов пен Жүсіпов кешкі сессияда жұдырықтасады. Олардың қарсыластары жапониялық Реито Цуцуми мен "Машина" лақап атты венесуэлалық Кристиан Паласио.

1/16 финал (жекпе-жектердің шамалай уақыты)
+92 келі. Нұрлан Сапарбай - Аюб Гадфа Дрисси (Испания) - күндізгі сессия, 19:15
57 келі. Серік Теміржанов - Рейто Цуцуми (Жапония) - кешкі сессия, 22:45
67 келі. Абылайхан Жүсіпов - Кристиан Паласио (Венесуэла) - кешкі, 00:00

Бұл айқастарды Qazsport арнасынан тамашалай аласыз. Трансляция мына сілтеме арқылы қолжетімді. 

Күндізгі 17:00-де, ал кешкі сессия - 22:00-де басталады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport