Машина! Жеңіліс көрмеген "Шаян" қарсыласын 1500 рет ұрған

©Max Boxing

Жеңіл салмақтағы мексикалық боксшы Уильям Сепеда (27-0, 23 KO) соққы жасаудан өз дивизионының рекордын орнатты, деп хабаралйды "Чемпионат" сайты CompuBox ресурсына сілтеме жасап. 

Жексенбіде АҚШ-тың Сан-Диего қаласында өткен бокс кешінде "Асшаян" (Креветка) лақап атты Сепеда екінші жартылай жеңіл салмақта чемпион болған америкалық Джозеф Диазды (32-3-1, 15 KO) төрешілердің ортақ шеімімен жеңді. 

Мексикалық боксшы 12 раундта 1536 соққы жасапты, оның 398 (29,8 пайызы) рет ұрғаны дәл тиген екен. Осындай дәл соққы жағынан ол қарсыласынан екі есе асып түсіп отыр. 

Мысал үшін осы демалыста айқасқан Василий Ломаченко мен Джэмейн Ортис шамамен 600 соққыдай жасаған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport