"Мәселе қарсыласта...". Сарапшы Жәнібек Әлімханұлының чемпиондық айқасы жайлы
Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында FightSpace жобасының негізін қалаушы Григорий Стангрит WBO чемпионы Деметриус Андраденің (31-0, 19 KO) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен (11-0, 7 КО) жекпе-жектен қашып отырғанына қатысты пікір білдірді.

"Андраде ешкім онымен жұдырықтасқысы келмейтіні туралы көшені басына көтеріп айқайлайды да, бірақ, өзі де солай істейтіні қызық. Екінші жағынан мүмкін промоутер өзінің салғанын ақтап алғысы келетін болар.
Андраде Жәнібектен жеңілетін болса, ал бұл әбден мүмкін, ол титулсыз және жеңілісімен ешкімге қызықсыз болып қалады. Ал былай ол ешқашан жеңілмеген және "орта салмақта одан бәрі қашады" деген атағы бар боксшы.
Егер Деметриус кетсе, белбеу рейтингтегі бірінші және екінші нөмірлі боксшылар арасында сарапқа салынады. Егер өзгеше бірдеңе болмаса, Әлімханұлы бәрібір титул үшін жұдырықтасады. Мәселе оның қарсыласы кім болатынында ғана", - дейді Стангрит.
Жарнама