Бокс
10 қазан 2019 11:56
 
"Мәселе жасы келгенде емес". Аңызға айналған бапкер Головкин неге нашар жұдырықтасқанын түсіндірді

  Пікірлер

blog.share

"Мәселе жасы келгенде емес". Аңызға айналған бапкер Головкин неге нашар жұдырықтасқанын түсіндірді Сурет: Jose Miranda/Frontproof Media

Халықаралық бокс даңқының залына енген мексикалық бапкер Игнасио "Начо" Беристайн қазақстандық Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) украиналық Сергей Деревянченкомен (13-2, 10 КО) жекпе-жегінен алған әсерімен бөлісті.

Мамамнның ойынша, Головкин жаңа бапкері Джонатан Бэнкс тарапынан стратегия мен байланыстың жоғынан нашар дайындалған.

"Байқағаным GGG бабында болған жоқ. Бауырына хук тигеннен кейін ол іске қосылды - комбинация жасай бастады, жылдамырақ жұмыс істеді. Артынан қайтадан бәсеңдеп қалды. Меніңше, оған өз бұрышынан айтылатын кеңестер жетпеді... бапкерлердің ауысуы. Мәселе жаста деуге келмейді. Мен ардагер боксшыларды да жаттықтырғанмын, Даниэль Сарагоса сияқты. Олармен ұзақ сессия өткізетінмін, бірақ, ауыртпалықты азайтып, осыдан ол жақсы жұдырықтасатын. Эрик Моралестен сұрасаңыздар болады.

Геннадийге жалын керек еді, мұндай қарсыласты жеңу үшін шыдамдылық қажет, жылдамдықты үдету маңызды. Ол жылдам емес, бірақ, мықты және соққы жасай алады. Өзгерістерге байланысты оған енді бұл жеткіліксіз, ол осы ұшқынды жоғалтып алды", - дейді Беристайн ESPN Deportes арнасына берген сұхбатында.

Жарнама

Живи спортом!