Бокс
25 желтоқсан 2020 16:39

"Мәселе ақшада емес". Әлем чемпионы "Канелоның" белбеулерін тартып алмақ

Сурет: Izquierdazo

Екінші орта салмақта (76,2 келі) WBO чемпионы Билли Джо Сондерс (30-0, 14 КО) осы дивизионда WBA Super және WBC титулына ие мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (54-1-2, 36 КО) белбеу біріктіретін жекпе-жек өткізуді көздеп отыр. Боксшының сөзін vRINGe.com порталы IFL TV арнасына сілтеме жасап беріп отыр.

"Канеломен" жекпе-жек өткізу үшін бар күшімізді салып жатырмыз. Жеңіске қажеттің бәрі менде барына кәміл сенемін. Оны жеңу үшін дайындалуым ғана қажет. Мен өз мүмкіндігімді күтіп жүрмін. Телефон тұтқасын тастамай, осы жекпе-жекті аламын. Маған шынымен осындай үлкен айқас жетпей жүр, мені ең мықты күйімде көре аласыздар. Рингте тұрып жеңіс жолын таппай қалған сәтім болған емес. Бәрі оңынан болады деп үміттенемін.

Бұл салмақта біздің жекпе-жектен артығы жоқ. Сосын мәселе ақшада емес. Онда ғана емес дегенім. Ақша - салдары ғана. Мен шынымен оны жеңе алатынымды сезіп тұрмын. Бұл айқас өтуі тиіс", - дейді Сондерс.