"Маңыздысы салмақ емес...". Экс чемпион Головкин - Альварес айқасы жайында
Төрт дивизиондағы бұрынғы әлем чемпионы Майки Гарсия мексикалық Сауль "Канело" Альваресті (57-2-2, 39 КО) алдағы Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) өтетін жекпе-жекте қолдады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі boxingscene.com сайтына сілтеме жасай отырып.

"Канело" жоғары салмақ дәрежесінде жекпе-жек өткізді, бірақ, ол жалпы дене бітімі үлкен жігіт емес қой. Сондай-ақ, ол әлдеқайда аз салмақтан бастады, сондықтан салмақ мәселесі бұл жерде көп рөл атқармайды. Менің ойымша, "Канелоның" Головкинге қарағанда жасы мен мансап жолы қазір ұтып тұр. Жастың аты - жас. Бұл жақсы жекпе-жек болады. Головкин оны жеңу үшін бар күшін салады, бірақ, менің ойымша, Канело жеңеді" - дейді бұрынғы чемпион өз сөзінде.
Головкин-Альварес трилогиясы бұған дейінгі екі жекпе-жек өткен Лас-Вегастағы T-Mobile арена кешенінде өтеді.
Жарнама