Бокс
18 ақпан 2020 09:52
 
Мамырда "Канело" екі дивизионды бағындырған жеңілмеген чемпионмен жекпе-жекке шығады

  Пікірлер

blog.share

Мамырда "Канело" екі дивизионды бағындырған жеңілмеген чемпионмен жекпе-жекке шығады © vRINGe.com

Төрт салмақ дәрежесінде әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварестің (53-1-2, 36 КО) 2 мамырда Лас-Вегаста жоспарланған жекпе-жегінде кіммен кездесетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Канело" екінші орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы ұлыбританиялық Билли Джо Сондерспен (29-0, 14 КО) жұдырықтасады. Бұл туралы ирландиялық боксшы Гэри "Спайк" О’Салливан (30-4, 21 КО) мәлімдеді. Ол бұл бокс кешінің андеркартында жекпе-жек өткізетінін айтты.

"Канело" Сондерспен жұдырықтасады. Ал маған WBO тұжырымындағы титулды сарапқа салу үшін Патрик Тейшейрамен кездесу керек. Бірақ оған алдымен титулын міндетті қорғап шығу қажет. Менің интернационал чемпион атағы үшін жұдырықтасатынымды айтты. Менде де, Тейшейрада да Golden Boy-мен келісімшарт бар. Сондықтан екеуіміз де жеңіске жетсек, кейін рингте кездесеміз. Қыркүйекте титул үшін жұдырықтасамын деп ойлаймын", - деді О’Салливан.

Айта кетейік, Альварестің қазір екі дивизионда әлем чемпионы титулы бар: орта салмақта WBC (Franchise), WBA (Super) және екінші орта салмақта WBA (Regular).

Жарнама

Живи спортом!