Маман Костя Цзюдің ұлы мен "Канело" жекпе-жегін өткізуге болатынын айтты
Сауль "Канело" Альварестің (57-2-2, 39 КО) жекпе-жектерін ұйымдастырып жүрген промоутер Эдди Хирн қыркүйек айында Аустралияда бокс кешін өткізбек, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Сонымен қатар, ол Austrailan Assoсiated Press берген сұқбатында Аустралия құрлығындағы кәсіпқой боксқа қатысты жоспарларымен бөліскен.

"Аустралия билігі қазіргі уақытта бокс кештерінің өтуіне мүдделі. Олар қаржылай көмектесуге дайын. Бұл бізге тіпті тиімді. Бокста қазір үш жұлдыз бар - "Канело", Джошуа және Тэйлор. Осы үш жұлдыздың да кездесуін Аустралияда өткізу керемет болар және барлығы оған қуана келісетін еді. Бірақ оларға бұл жақтан қарсылас табу қиын. "Канело" мен Тим Цзюді (21-0, 15 КО) жұдырықтастыру мүмкіндігі бар сияқты. Мексикалық 72,6 ал жергілікті жұлдыз Цзю 69,9 келіде өнер көрсетеді. Тим салмағын көтерген кезде бұл мега оқиға болады" - дейді өз сөзінде Хирн.
Жарнама