Бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (12-0, 10 КО) осы айда рингке оралады. Осыған байланысты канадалық бокс сарапшысы Лорент Поулин Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында боксшының ары қарайғы карьерасына қатысты ойын айтты.
Ахмедов 24 желтоқсан Алматыда өтетін бокс кешіне қатысады.
"Садриддин канадалық көрерменнің сүйікті боксшысы болды. Оның болашағы зор екені айтылатын. Өкінішке қарай, жаттығу барысындағы қателіктер салдарынан карьерасына әсер еткен жарақат алып қалды.
Қазіргі таңда бабы қандай екені белгісіз. Боксшы үшін нақ шырқау шегіне жеткен кезде екі жыл жоғалту - бұл оңай дүние емес. Енді оған өз темпіне кіріп, тұрақты түрде жекпе-жек өткізіп отыру қажет. Әлеуеті алдағы бір-екі айқаста белгілі болады", - дейді Поулин.