Бокс
27 қыркүйек 2022 18:55
 
Маман Қанат Исламның жаңа бас бапкері туралы ойын айтты

  Пікірлер (1)

blog.share

Маман Қанат Исламның жаңа бас бапкері туралы ойын айтты ©QP TV

MMA Sport порталының шолушысы Бен Смит Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында 38 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның (28-1, 22 KO) шаршы алаңға оралуы туралы пікір білдірді. Әңгіме барысында Смит отандасымыздың бас бапкеріне де тоқталды. 

blog.share
1

Еске салайық, кеше Исламның бапкері Роджер Ромо қазақстандық боксшы шаршы алаңға 8 қазан күні қайта оралатынын айтқан болатын. 

"Қанат Ислам жас боксшы емес. Оның үстіне ол жарақат көп алады. Келлиден жеңіліс күмәнді деуге келеді. Бірақ ол айқаста Ислам керемет бокс көрсетпеді. Чемпиондық белбеуге үміті бар боксшылар мұндай қарсыласты оңай жеңуі керек. Енді оған жаңа бас бапкермен дайындық көмектесетін шығар. Дегенмен мен бұған қатты сенбеймін. Мұндай жасқа келгенде карьераны өзгерту қиын. Менің ойымша, ол енді ары кетсе бір чемпионға қарсылас болады. Содан ақша тауып, карьерасын аяқтайды", - деді Смит. 

Еске салайық, ақпан айында Қанат Ислам Плант-Сити (Флорида штаты, АҚШ) қаласында ұлыбританиялық Джимми Келлиден (26-2, 10 КО) төрешілер шығарған 95-95, 96-94, 97-93 есебімен жеңілген еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!