Маман Жүкембаевтың жеңілісіне не себеп болғанын айтты

Сурет: boxingscene.com©

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевты(18-1, 14 КО) физикалық күшпен есеңгіретті. Мұндай пікірді Vesti.kz тілшісімен болған әңгіме барысында Boxingtalk.com шолушысы Иван Монтиэль білдірді. Маман Батырдың пуэрториколық Сабриэль Матиасқа (17-1, 17 КО) жіберген есесі мен оның болашағы туралы сөз қозғады.

"Матиас Жүкембаевты есеңгіретіп тастады. Оның физикалық күші қазақстандықтың техникасы мен жылдамдығынан басым түсті. Кей сәттерде Жүкембаев жақсы жұдырықтасты. Алайда ол көптеген ауыр соққыларды жіберіп алып, қателіктер жібере бастады. Матиас өзінің үлкен жекпе-жектерге дайын екенін көрсетті. Ол жылдам ойын өрнегін көрсетті де, қарсыласы оған ілесе алмады. Қазақстандықтың командасы кездесуді ары қарай жалғастырмау туралы дұрыс шешім қабылдады. Ары қарай Жүкембаевқа қарсы орны толмас қателік жасауы мүмкін еді. Меніңше Батыр өзіне қайта келіп, қателіктерімен жұмыс істеуі керек. Ары қарай жақсы нәтижеге жету үшін ол өз ойынын жақсартуы тиіс. Уақыт өте келе ол тағы бір мүмкіндік ала алады" - деді Монтель. 

Олардың кездесуі 30 мамыр күні Лос-Анджелес қаласында өтті. Жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған болатын. Төртінші раундта Матиас Жүкембаевты нокдаунға түсірді, ал сегізінші раундтан кейін қазақстандық спортшының командасы кездесуді жалғастырудан бас тартты. Бұл Батырдың мансабындағы алғашқы жеңіліс, ал кездесу оның АҚШ-тағы дебюті еді.

 

Жаңалықтар