Маман Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтығы ең қауіпті боксшылардың бірі екенін айтты

© https://instagram.com/janibek_alimkhanuly/

Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (10-0-0, 6 KO) орта салмақтағы ең қауіпті боксшылардың бірі. Мұндай пікірді Vesti.kz сайтына берген сұқбатында WorldBoxingNews порталының редакторы Фил Джей айтты. Әңгіме барысында ол отандасымыздың 5 қараша күні Лас-Вегас қаласында франциялық Хассан Н'Дам Н'Жикаммен 38-5-0, 21 KO) өтетін кездесуі туралы ойымен бөлісті.

"Бұл қазақстандық боксшы үшін жақсы сынақ болады. Оның техникасы мен қара күші бар. Алдағы уақытта орта салмақтың үздігі болуы мүмкін. Хассан бұл уақытқа дейін бірнеше кездесу өткізіп, жақсы нәтижелерге қол жеткізген. Бірақ ол қартайды. Оның карьерасындағы мықты кездер артта қалды. Дегенмен алдағы кездесуде ол лайықты қарсылық білдіре алады. Жас боксшы Жәнібек үшін жақсы сабақ болады деп ойлаймын. Егер Әлімханұлы жеңсе, онда WBC және WBO белбеулеріне таласуға тамаша мүмкіндік алады. Чемпиондық жекпе-жекке қазақ боксшысы шыға ала ма? Иә, менің ойымша оның жақсы мүмкіндігі бар. Ол орта салмақтағы ең қауіпті боксшылардың бірі" , - деді Джей.

Айта кетейік, 29 жастағы Әлімханұлы соңғы кездесуін маусым айында Лас-Вегас қаласында өткізіп, әлемнің бұрынғы чемпионы Роб Брантты (26-3, 18 КО) жеңген еді.

Ал 37 жастағы Н'Жикам шілде айында Францияда ұпаймен венгриялық Габор Горбичтен (26-21-2, 16 КО) үстем түсті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport