Бокс
16 қазан 2019 17:35
 
"Мақсатым мықты қарсыластар". Жеңілмеген қазақ боксшы Деметриус Андрадемен жекпе-жек жайлы

  Пікірлер

blog.share

Қанат Ислам (26-0-0, 21 КО) орта салмақта WBO чемпионы америкалық Деметриус Андрадемен (28-0, 17 KO) жекпе-жек өткізуге пейілді. Кәсіпқой боксшы бұл туралы Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.

"Өзімді жақсы сезінемін. Өзіңді қолдайтын жанкүйерлерді көру көңілге жағымды. Отанымда тағы бір рет жекпе-жек өткізе алатыныма қуаныштымын. Ескі жарақат мазаламайды, күшім мығым. 

Қарсылас алдағы бір-екі күнде келеді, бірақ, мені ол алаңдатып тұрған жоқ. Бар назарым өзімде, өйткені бәрі маған байланысты. Жекпе-жектің қалай өтерін көреміз. Оңай болмайтын шығар. Шетелден ұсыныстар көп келуде. Қазір оларды да қарастырып жатырмыз. Қазақстанда екі жекпе-жек өткізгім келеді, өзім күшімді сынап, қалпыма келгенше. 

Осыдан кейін мықты қарсыластарға дайын боламын. Андрадемен жекпе-жек? Неге болмасқа? Бұл менің мақсатым, соның амалын жасап жатырмын", - дейді Ислам. 

Жарнама

Живи спортом!