"Мақсатым биыл Олимпиада чемпионы болу". Кәсіпқойда екі нокауты бар Қазақстан құрамасының капитаны
Бокста Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқойдағы үшінші жекпе-жегін өткізуге дайындалуда.
Бокста Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқойдағы үшінші жекпе-жегін өткізуге дайындалуда.
"Кеше ғана АҚШ-тағы оқу-жаттығу жиындарынан келдім. Жиындар үш апта болды. Бұрын білмеген кейбір жаттығуларды үйрендік. Жоспар бойынша өтті.
Жаңа фитнес-нұсқаушымен жұмыс жасадық. Оны арнайы біздің жиындар үшін алдырыпты. Кросс жүгіріп, күш арттыратын жаттығулар жасап, физикалық дайындыққа бағытталған жиын болды. Бұл сапар өте пайдалы болды. Жалпы боксшылар үшін бұл өте пайдалы.
Ал жоспарларыма қатысты. Ақпан соңында кәсіпқойдағы үшінші жекпе-жегім өтеді. Қазіргі таңда соған дайындалып жатырмын. Содан кейін командамен бірге халықаралаық жарыстарға қатысамын. Германия, Испания мен Болгарияда турнирлер өтеді. Қайсыған барарымды бапкерлер жақындағанда айтады. Басты мақсатым - биыл Олимпиада чемпионы болу", - деп береді боксшының сөзін ҚБФ.
Еске салайық, Қамшыбек 91 келіден аса салмақта Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алған. Ол құрамадан кәсіпқойда жұдырықтасуға рұқсат алып, екі жекпе-жегін де нокаутпен жеңді.
Жарнама