Бокстан бес салмақта бұрынғы әлем чемпионы Флойд Мейвезер ирландиялық ММА файтері Конор МакГрегормен жекпе-жек туралы меңзеді.
Конор МакГргеор 19 қаңтар таңғысын ММА-дегі карьерасын әдемі жандандырды. Ирландиялық файтер UFC 236 турнирінің басты жекпе-жегінде америкалық Дональд Серронені 40 секундта нокаутқа түсірді.
МакГергордың жеңісінен кейін америкалық боксшы Instagram парақшасына бірден "Мейвезер – МакГрегор 2, 2020" афишасын жариялаған.
Мейвезер мұның алдында UFC президенті Дана Уайтпен келіссөз өткізгеніне қарағанда қарымта жекпе-жек ММА ережесі бойынша өтуі де ықтимал.