МакГрегор Усиктің Джошуаны жеңгеніне қатысты пікір білдірді

©Reuters

UFC ұйымында екі салмақ бойынша чемпион болған ирландиялық Конор МакГрегор украиналық Александр Усиктің (20-0, 13 KO)  ұлыбританиялық Энтони Джошуаны (24-3, 22 KO) жеңгеніне қатысты пікірін білдірді, деп жазады "Р-Спорт". 

Бұл кездесу Сауд Арабиясында өтіп, 12 раундтың қорытындысы бойынша төрешілер Усиктің жеңісін тіркеді. 

"Усик - мықты боксшы. Ал Фроч болса ақымақ", - деді Конор. 

Айта кетейік, осылайша ирландиялық әлемнің бұрынғы чемпионы ұлыбританиялық Карл Форчты мазақ етті. Ол осы кездесудің алдында егер басымдығын дұрыс пайдаланса, Джошуа Усикті жеңе алады деген болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport