МакГрегор Мейвезермен қарымта жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады

Сурет: Sportbox
Екі салмақта UFC-дің бұрынғы чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор америкалық боксшы Флойд Мейвезермен қайта жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді. 

Мейвезер - МакГрегор жекпе-жегі 2017 жылы бокс ережесі бойынша өтіп, оныншы раундта техникалық нокаутпен аяқталған. 

"Бастапқы раундтардың бәрінде мен басым болдым, тіпті кейінгілерінде де, аяғым істемей қалғанда да оны сабадым", - дейді МакГрегор. 

Ол өзін Майк Тайсон сияқты бокс аңыздары мақтағанын атап өтіп, қарымтаны асыға күтетінін айтты.