Бокс
Бүгін 09:37

Махмұт Сабырханның сенсациялық жеңілісінің шын себебі айтылды

©ҚБФ

Атақты қазақстандық боксшы, 1980 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Виктор Демьяненко Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатындағы Махмұт Сабырханның даулы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында қазақстандық боксшы ринг қожайыны Билгуунсайхан Хархуудан күтпеген жерден 0:5 есебімен жеңіліс тапқан еді.

Алайда Виктор Демьяненко төрешілердің бұл шешімімен келіспейтінін айтты.

"Объективті түрде қарасақ - Сабырхан мықтырақ болды. Ол қарсыласынан соққы саны бойынша да басым түсті, агрессив әрі дәл соққылар жасады. Ал қарсыласы үнемі қорғанумен болды.

Дегенмен, Махмұттың ринг иесіне қарсы шыққанын түсінуіміз керек. Мұндай жағдайда қарсыластан бірнеше есе жоғары болу қажет. Мұны өздеріңіз де жақсы түсінесіздер.

Өкінішке қарай, Махмұт ондай деңгейде басым бола алмады. Бірақ соған қарамастан, бұл жекпе-жекте ол анық жеңіске жетті", - деді Демьяненко "Спорт Шредингерге" берген сұхбатында.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport