Махмұт Сабырханның інісінің айқасы мүлде күтпеген нәтижемен аяқталды

26 желтоқсан 15:34
©ҚБФ

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен Аббас Агаларовты еске алуға арналған жастар арасындағы халықаралық турнирге қатысты. 

67 келідегі финалда Төрехан ринг қожайыны Аббасгулу Шадлинскимен жұдырықтасты. Бұл жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды - екінші раундта қазақстандық боксшы ары қарай жұдырықтасудан бас тартты. 

Осылайша, белгілі қазақстандық боксшы Махмұт Сабырханның туған інісі Төрехан жарыстың күміс жүлдегері атанды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар