Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен Аббас Агаларовты еске алуға арналған жастар арасындағы халықаралық турнирге қатысты.
67 келідегі финалда Төрехан ринг қожайыны Аббасгулу Шадлинскимен жұдырықтасты. Бұл жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды - екінші раундта қазақстандық боксшы ары қарай жұдырықтасудан бас тартты.
Осылайша, белгілі қазақстандық боксшы Махмұт Сабырханның туған інісі Төрехан жарыстың күміс жүлдегері атанды.