Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының өкілі Махмұт Сабырхан Испанияда өтіп жатқан беделді Boxam Elite–2026 турнирінде еш қиындықсыз келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Бірінші жекпе-жекте қазақстандық боксшы франциялық Гауичер Изайямен қолғап түйістірді. Рингтегі үш раундтың қорытындысы бойынша Махмұт екі раундта айқын басымдық танытты - 5:0 және 4:1. Үшінші раундта франциялық боксшы 3:2 есебімен алға шыққанымен, жалпы жекпе-жектің нәтижесіне бұл әсер етпеді.
Осылайша, кездесудің фавориті Махмұт Сабырхан төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетіп, турнирдің келесі кезеңіне өтті.
Айта кетейік, Махмұт Сабырхан - 2023 және 2025 жылдардағы екі дүркін әлем чемпионы, 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері және 2024 жылғы Азия чемпионы.