Қазақастандық боксшы Махмұт Сабырхан Шымкенттегі халықаралық турнирдің финалына өтті.
57 келідегі жартылай финалда Махмұт украиналық Олег Чулячеевпен жұдырықтасты. Жекпе-жек кезінде украиналық қолын жарақаттап алды да, айқасты жалғастыра алмады.
Енді Махмұт финалда өзге қазақстандық Оразбек Асылқұловпен алтынды сарапқа салады.