Қазақстандық боксшы Махмұт Сабырхан Астанада өтіп жатқан Әлем кубогі кезеңінде оңтүстік кореялық Шин Чжэёнді таза жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.
55 келіге дейінгі салмақтағы жекпе-жектің бірінші раунды толықтай Сабырханның басымдығымен өтті - бес бірдей төреші де жеңісті қазақстандық спортшыға берді.
Екінші раундта Махмуд қарсыласын екі мәрте нокдаунға түмірді. Үшіншісінде де Сабырхан толық үстемдік етіп, Чжэёнге еш мүмкіндік қалдырмады.
Осылайша, Махмұт Сабырхан турнирдің ширек финалына жолдама алды.
Еске салайық, екінші күнгі жарыста бұған дейін Қазақстан құрамасының атынан Әнел Сақыш Азия чемпионы, өзбекстандық Феруза Казаковамен кездесіп, өкінішке қарай, жеңіліп қалған еді.
Бүгін, 1 шілдедегі күндізгі сессияда Нұрбек Оралбай шаршы алаңға шығады. Ал кешкі сессияда - Серік Теміржанов, Надежда Рябец және Айбек Оралбай өнер көрсетеді.
Жарнама