Махмұт Сабырханның Азиядадағы келесі қарсыласы белгілі

27 қыркүйек 2023 17:11
©instagram.com/boxingkazakhstan/

Қазақстандық боксшы Махмұт Сабырханның биылғы Азия ойындарындағы келесі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан жарыстың 1/8 финалында 57 келіде өнер көрсететін Махмұт КХДР өкілі О Тае Боммен жұдырықтасады.

Айта кетейік, 1/16 финалда қазақстандық боксшы оңтүстік кореялық Ичаню Лиді жеңді. Екінші раундта Махмұт қарсыласын бір рет нокдаунға түсірген болатын.

Айта кетейік, Махмұт Сабырхан 2023 жылы  Ташкентте өткен әлем чемпионатында алтын иеленген. Сонымен қоса, қазақ боксшы осыған дейінгі әлем және Азия чемпионатының жүлдегері.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport