Бокс
Бүгін 14:32
 

Махмұт Сабырханның айқасында екі нокдаун мен камбэк болды

  Пікірлер

blog.share

Махмұт Сабырханның айқасында екі нокдаун мен камбэк болды ©ҚБФ

Қазақстандық боксшы Махмұт Сабырхан 2026 жылғы Азия ойындарының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Махмұт Сабырхан 2026 жылғы Азия ойындарының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

55 келіге дейінгі салмақтағы ширек финалда ол Оңтүстік Корея боксшысы Джэён Синді жеңді. Бірінші және үшінші раундтарда кореялыққа нокдаун есептеді. Осы жеңісінің арқасында Махмұт Азиаданың қола жүлдесіне кепілді түрде иеленіп отыр.

Айта кетейік, Махмұт Сабырхан - екі дүркін әлем чемпионы (2023, 2025) және Азия чемпионы (2024).

Бүгін, 28 қыркүйекте Қазақстанның өзге де боксшылары ширек финалдық жекпе-жектерінде жеңіске жетті. Олар - Алуа Балқыбекова (51 келі), Наталья Богданова (75 келі) және Төрехан Сабырхан (70 келі).

Алда Қазақстан құрамасының атынан Нұрбек Оралбайдың бір жекпе-жегі бар. 90 келіге дейінгі салмақтағы ширек финалда ол Өзбекстан боксшысы Тұрабек Хабибуллаевпен кездеседі.

Айти және Нагояда өтіп жатқан бокс жарыстары 21 қыркүйек пен 2 қазан аралығында өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!