Бокс
Бүгін 11:05

Махмұт Сабырханның айқасы мүлде күтпеген нәтижемен аяқталды

©ҚБФ

Қазақстан құрамасының боксшысы Махмұт Сабырхан Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының финалына өте алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жартылай финалда ол филиппиндік Карло Пааламға күтпеген жерден 2:3 есебімен жеңілді.

Айта кетейік, Махмұт Сабырхан - әлемнің екі дүркін чемпионы (2023, 2025), сондай-ақ Азия чемпионы (2024).

Бүгін, 30 қыркүйекте, Қазақстан атынан рингке шыққан Алуа Балқыбекова (51 келі) мен Наталья Богданова (75 келі) да жеңілді.

Алда Қазақстан құрамасының қатысуымен бір ғана жекпе-жек қалды. 70 келіге дейінгі салмақтағы жартылай финалда Төрехан Сабырхан Өзбекстан боксшысы Шавкатджон Болтаевпен кездеседі.

Айти мен Нагояда өтіп жатқан Азия ойындарындағы бокс жарыстары 21 қыркүйекте басталып, 2 қазанға дейін жалғасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport