1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Бокс
8 ақпан 10:42
 

Махмұт Сабырханның алтын үшін айқасы бірінші раундта тоқтатылды

  Пікірлер

blog.share

Махмұт Сабырханның алтын үшін айқасы бірінші раундта тоқтатылды ©ҚБФ

Қазақстандық боксшы Махмұт Сабырхан Испанияның Ла-Нусия қаласында өткен Boxam Elite халықаралық турнирінде алтын жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Махмұт Сабырхан Испанияның Ла-Нусия қаласында өткен Boxam Elite халықаралық турнирінде алтын жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда ол Англия боксшысы Эллис Троубриджбен жұдырықтасты.

Жекпе-жек бірінші раундта аяқталды. Қазақстандық боксшы 3:2 есебімен алда тұрған сәтте, қарсыласы қабағынан жарақат алып, дәрігерлердің шешімімен кездесу тоқтатылды.

Осылайша, Махмұт Сабырхан Қазақстан қоржынына аталған жарыстағы үшінші алтын жүлдені салды. Бұған дейін Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін) мен Умида Садыкова (+80 келі) жеңіске жеткен болатын. Айта кетейік, Садыкова финалда отандасы Панар Сейтханқызын бірінші раундта нокаутқа түсірді.

Boxam Elite-2026 халықаралық турнирі 8 ақпанда аяқталды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!