Қазақстандық боксшы Махмұт Сабырхан Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында ол өзбекстандық Шахзод Музаффаровпен кездесті.
Алғашқы раунд 4:1 есебімен қарсылас пайдасына шешілді. Екінші раундта Махмұт басым түсіп, 3:2 есебімен алға шықты. Соңғы раундта да төрешілер артықшылықты қазақстандық боксшыға берді - 4:1. Қорытындысында, жекпе-жек Махмұд Сабырханның пайдасына төрешілердің бөлек шешімімен аяқталды.
Осылайша, ол жартылай финалға шығып, кемінде қола жүлдені қамтамасыз етті.
Айта кетейік, Махмұт Сабырхан — екі дүркін әлем чемпионы (2023, 2025) және 2024 жылғы Азия чемпионы.