Жарнама

Бокс
Бүгін 17:01
 

Махмұт Сабырхан өзбекстандық боксшымен айқаста камбэк жасады

  Пікірлер

blog.share

Махмұт Сабырхан өзбекстандық боксшымен айқаста камбэк жасады ©

Қазақстандық боксшы Махмұт Сабырхан Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Махмұт Сабырхан Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында ол өзбекстандық Шахзод Музаффаровпен кездесті.

Алғашқы раунд 4:1 есебімен қарсылас пайдасына шешілді. Екінші раундта Махмұт басым түсіп, 3:2 есебімен алға шықты. Соңғы раундта да төрешілер артықшылықты қазақстандық боксшыға берді - 4:1. Қорытындысында, жекпе-жек Махмұд Сабырханның пайдасына төрешілердің бөлек шешімімен аяқталды.

Осылайша, ол жартылай финалға шығып, кемінде қола жүлдені қамтамасыз етті.

Айта кетейік, Махмұт Сабырхан — екі дүркін әлем чемпионы (2023, 2025) және 2024 жылғы Азия чемпионы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!