Бокс
24 қыркүйек 09:22
 

Махмұт Сабырхан Олимпиадаға қатысты маңызды шешім қабылдады

  Пікірлер

blog.share

Махмұт Сабырхан Олимпиадаға қатысты маңызды шешім қабылдады ©ҚБФ

Бокстан екі дүркін әлем чемпионы Махмұт Сабырхан Ливерпульдегі (Англия) жеңістен кейінгі басты мақсаттары мен алдағы жарыстар туралы айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Бокстан екі дүркін әлем чемпионы Махмұт Сабырхан Ливерпульдегі (Англия) жеңістен кейінгі басты мақсаттары мен алдағы жарыстар туралы айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

World Boxing ұйымы өткізген тарихтағы алғашқы әлем чемпионатында 24 жастағы Сабырхан 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын жеңіп алды.

Боксшы осы салмақта қалуға ниетті екенін айтып, 2028 жылы Лос-Анджелесте (АҚШ) өтетін Олимпиада ойындарында чемпион атануды мақсат етіп отырғанын жеткізді.

"Мұнымен тоқтап қалмаймыз. Алда Азия ойындары, Астанада өтетін әлем чемпионаты бар - бұл турнирлерде Олимпиада жолдамалары сарапқа салынады. Ендігі мақсатымыз - Олимпиада чемпионы атану.

57 келіде маған қиындау болды, қарсыластар ірілеу еді. Ал 55 келі бұл менің салмағым. Осы салмақта қатарынан бес жекпе-жекте 5:0 есебімен жеңіске жеттім. Дәл осы салмақта Олимпиада чемпионы болғым келеді!", - деді Махмұт.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!