Қазақстандық боксшы Махмұт Сабырхан Ливерпульде өтіп жатқан әлем біріншілігінің финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
55 келідегі жартылай фианалда Махмұттың қарсыласы қыиайлық Чуан Лю болды. Бұл айқаста ешқандай тартыс болмады десе де болады. Өйткені Махмұт үші раунд бойы басымдығын көрсетіп, үшіншісінде тіпті өзі ринг бұрышына барып тұрып, қарсыласына ал кел шабулда деп ұсынды.
Осылайша, үш раундтың әрқайсында 5:0 есебімен басым болған Махмұт төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жетіп, әлем чемпионатының алтынына таласатын болды.
Жарнама